2021 жылдың 15 қыркүйегінде А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің жанындағы жатақханада тұратын студенттермен әнгімелесу өткізілді

Орал политехникалық колледжінің директоры Н.Б. Нурпейсов жатақхананың негізгі шарттары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Жатақхананың тұру тәртібі, ішкі тәртібі және жеке басының гигиенасының  тазалығы басты назарға алынды. Өрт қауіпсіздігі туралы, қоғамдық орындарда шылым шегудің, алкогольдік,  энергетикалық және әлсіз алкогольді ішімдіктердің адам баласына зиянды туралы әңгіме жүргізді. Қоғам тәртібін сақтап, еліміздің тәртіпті азаматтар қатарында болуларына шақырды.

Колледждің педагог-психологі Курмангалиева С.С «Қоғам заңы және адами құндылықтар» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг кезіңде студенттер қоғам заңы туралы ақпараттарымен бөлісті. Адами құндықтармен бірге қоғам заңдылығы ұштастырды. Барлық студенттер әңгімеге және тренингке белсене қатысты.