Орал политехникалық колледжінің І санатты арнайы пәндер оқытушысы Капашева Маржан Темуровна «Үздік педагог»

Орал политехникалық колледжінің І санатты арнайы пәндер оқытушысы Капашева Маржан Темуровна «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеніңде жүлделі ІІ орынға ие болды. БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауда 36 ұстаздың жұмыстарын төрт бағыт бойынша бағалап, үздіктерін анықтады. Өңір педагогтерінің арасынан мектепке дейінгі білім беру бағытынан 4 жұмыс, негізгі және жалпы білім беретін беруден 15, қосымша білім 2, техникалық және кәсіптік білім беру саласынан 15 жұмыс қаралды. Маржан Темуровна «Үздік педагог» облыстық кезеңнің жеңімпазы байқаудың республикалық кезеңінде өңіріміздің және колледжіміздің намысын қорғамақ. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!