Мемлекеттік Алғыс айту күні мерекесіне орай Орал политехникалық колледжінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған болатын

Мемлекеттік Алғыс айту күні мерекесіне орай Орал политехникалық колледжінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған болатын.

Орал политехникалық колледжінде Алғыс айту күні колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің, педагогикалық еңбек ардагерлерінің және әрине өскелең ұрпақтың (болашақ мамандардың) мерекенің қайта өркендеу тарихын қастерлейтін мерекесі ретінде өтуде. Санитарлық талаптарды сақтау бойынша қалыптасқан жағдайды ескере отырып, колледждің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен құттықтау бейнеролигі дайындалып, ұсынылды (А.А.Баймағанбетов, муз.жетекшісі), 2-3 курс студенттері үшін онлайн режимде және 1 курс студенттері үшін оффлайн режимде "Алғыста шек болмады" атты жалпы тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында еліміз туралы, Отанымыздың астанасы туралы бейнефильмдер, слайдтар көрсетілді. Білім алушылар ҚР халықтары Ассамблеясын құру мақсаттарын талқылады, осы мемлекеттік іс-шараға қатысты өз пікірлерін білдірді. Педагог-ұйымдастырушы Н.И.Запраметованың ұйымдастыруымен ақпараттық стенд шығарылды. Мерекенің негізгі мақсаты-жас ұрпаққа ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды сіңіру. Осы мақсатқа сәйкес "Жылы алғыс сөздер" тренингтік іс - шара өткізілді (Н.И. Запраметова, ұйымдастырушы-педагог). Алғыс айту күні толеранттылық тұлғасын, өзінің ұлттық тамырын туған елді сүюге және құрметтеуге үйретеді. 

Сондай-ақ, 2021 жылдың 25-26 ақпан күндері студенттер арасында "Мен алғыс айтамын!» тақырыбында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстандықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуді қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, ұлтаралық келісімді, түрлі этностар арасындағы достықты және қазіргі заманғы көпэтносты қазақстандық қоғамды нығайту мақсатында үш тілде эссе жазу байқауы өткізілді. Байқауға келесі тізімдегі 1 курс студенттері қатысты:

Мемлекеттік тілде эссе жазғандар:  Сағынғали Ж.-  №6 топ, Досқалиев А.- №9Б топ, Аубакиров А.- №9Б топ, Мустажанов Д.- №22 топ, Аскаров М.- №6 топ, Луқпанов Е. - №6 топ.

Орыс тілінде: Курланов Д.- №2 топ, Жолдас Б.- №3 топ, Пушкин Т.- №4 топ.

Ағылшын тілінде: Сериков Б.- №5 топ, Бауыржанова Л.- №7 топ, Хасанов А.-10Б топ, Бақытов А.- №2 топ, Исанов Д.- №6 топ, Утесов А.-  №4 топ.