«Жаңартылған білім беру мазмұны ізденістер мен тәжірибелер» тақырыбында семинар өткізілді»

2021 жылдың 19 ақпан күні Орал политехникалық колледжінде озат тәжәрибе мактебінің жоғары және бірінші санатты педагогтерінің тәжірибесін тарату, жас педагогтердің  кәсіби қалыптасуына көмектесу мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденістер мен тәжірибелер» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың модераторы директордық оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.С.Махметова. Баяндамашылар: Гусманова Шара Алтаевна, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы - «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері»; Шарапиева Гульбагида Куанышкалиевна, жоғары санатты физика пәнінің оқытушысы «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен тиімділігі» және Жардемова Самал Сахыпкалиевна, бірінші санатты информатика пәнінің оқытушысы – «Эффективные методы обучения на уроках информатики в рамках обновления содержания образования». Шараға колледжің оқытушылары мен жас педагогтер қатысты.