Біз туралы

Колледж тарихы

 

Орал политехникалық колледжі – Батыс Қазақстан облысындағы 1956 жылдан бері құрылыс саласы бойынша мамандар дайындаушы техникалық және кәсіптік білім беретін көне оқу орындарының бірі.

 

Оқу орынының бірінші директоры Пальгов Борис Ефимович: «Құрылыс сонау 1956 жылы Орал өзенінің ескі арнасынан басталған болатын, өзен саласында орналасқан бірнеше брезент шатырда мектеп әкімшілігі, оқу кабинеттері және оқу – өндірістік шеберханалар орналасты», - деп еске алады. «Оқу ғимараттарын өндірістік оқу шеберлері, оқытушылар және оқушылар өз қолдарымен тұрғызды. Әр күн басталғанда тас қалаушылардың жұмысын жеңілдету және жылдамдату үшін барлық оқушылар салынып жатырған екі қабатты ғимаратқа 7 кірпіштен әкелуді дәстүрге айналдырды. Біздің оқу орынының алғашы оқушылары Украинаның Харьков және Полтава қалаларынан келген ерікті – комсомолдар болды. Алты ай ішінде олар құрылыс мамандықтарын игеріп, Орал өңірінің тың игерушілеріне арналған алғашқы үйлердің құрылысын бастап кетті». 

 

 

Жаңа салына басталған №30 құрылыс училищесінің директоры болып Борис Ефимович Пальгов тағайындалады. Оның еңбек жолы 15 жасында 1941 жылы басталған болатын. Қолөнер мектебінің түлегі, металл жонушы мамандығын игеріп Ворошилов атындағы әскери заводта жұмыс жасады. Соғыс аяқталған соң жұмысшы жастардың кешкі мектебін бітіріп, Ленинград мұғалімдер институтында және Орал педагогикалық институтында оқып білім алды. Өндірістік оқу шебері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды және 1956 жылдан 1986 жылға дейін №78 кәсіптік – техникалық училищесінің тұрақты директоры болды.

 

 

Борис Ефимовичтің ерен еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Б.Е.Пальговтың құрметіне Волейболдан өңіраралық деңгейде турнир өткізу, жыл сайынғы дәстүрге айналды.

 

Алғашында бір ғана мамандықпен басталған колледжде бүгінгі таңда 5 мамандық, 11 біліктілік бойынша мамандар даярланады, олар: қаңқа-қаптама құрылымдар құрастырушысы; құрғақ әдіс құрылысының маманы; өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері; техник-құрылысшы; автомобиль кранының машинисі; автокөлік жөндеуші слесарь; газэлектрмен пісіруші; құрылыс шебері; сылақшы – сырлаушы; жарық беру және жарықтандыру желілері бойынша электрмонтаждаушы, тас қалаушы, электромеханик. 700-ге жуық оқушы мемлекеттік тапсырыс негізінде еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа құрылыс мамандықтары бойынша білім алуда. 

 

 

Соңғы 5 жылда колледжде «Қаңқа-қаптама құрылымдар құрастырушысы», «Құрғақ әдіс құрылысының маманы», «Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері», «Техник-құрылысшы», «Электрмеханик» жаңа мамандықтары ашылды. Оқу орыны осы уақытқа дейін 15 000-нан астам мамандандырылған құрылысшыларды дайындап, еңбек жолына қадам басқызды. Облыстың және қаланың өндірістік нысандары, жүздеген тұрғын үйлер колледж түлектері еңбегімен салынуда. Колледж оқушылары мен түлектері өз кезегінде Мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының орындалуына өз үлестерін қосуда.